Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 461,9 538,0 5,41
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Вьетнамнан Алматыға ұша алмай жатқан қазақстандық туристер Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Ересектерге арналған контент жұбайларды ажырасуға апара ма? Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты Вьетнамнан Алматыға ұша алмай жатқан қазақстандық туристер Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Ересектерге арналған контент жұбайларды ажырасуға апара ма? Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты

    Қарттарды ғана аңдыған: Алматылық қарияның өліміне себепкер болған алаяқтар ұсталды

    Қарттарды ғана аңдыған: Алматылық қарияның өліміне себепкер болған алаяқтар ұсталды

    Фото: Politico.kz/Абзал Бахытжанов

    Алматыда қарияны ажалға итермелеген ірі интернет-алаяқтар тобы құрықталды. Қылмыскерлер қазақстандық зейнеткерлерді алдап, жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Алматы қалалық прокуратурасының мәліметінше, бұл топ жүйелі түрде тек қарт адамдарды нысанаға алған.

    Қылмыскерлер өздерін «полиция қызметкері» немесе «банк өкіліміз» деп таныстырып, зейнеткерлердің сеніміне кірген. Тіпті, кейбір құрбандарды жалғыз баспанасын сатуға үгіттеп, түскен қаражатты өздерінің бақылауындағы шоттарға аудартып отырған.

    Қазіргі уақытта 1,5 млрд теңге шығын келтірген қылмыстық топтың ұйымдастырушылары мен мүшелері толықтай қамауға алынды. Олардың үстінен Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

    Айта кетейік, биыл көктемде Александр Васильевич есімді алматылық зейнеткер телефон алаяқтарының құрбаны болды. Қаскөйлер оны алдап, жинаған 4 млн теңгесін белгісіз шотқа аудартып алған. Туыстарының айтуынша, қоңырау кезінде алаяқтар қарияға қатты психологиялық қысым көрсеткен болуы мүмкін.

    Бар ақшасынан айырылғанын түсінген сәтте атаның жүрегі шыдамай, көшеде есінен танып құлайды. Оқиға орнына жедел жәрдем жеткенше ол көз жұмды. Марқұмның жақындары кейін оның қалтасынан ақша аударылғанын растайтын банк түбіртектерін тауып алған.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →