Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 461,9 538,0 5,41
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Вьетнамнан Алматыға ұша алмай жатқан қазақстандық туристер Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Ересектерге арналған контент жұбайларды ажырасуға апара ма? Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты Вьетнамнан Алматыға ұша алмай жатқан қазақстандық туристер Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Ересектерге арналған контент жұбайларды ажырасуға апара ма? Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты

    «Ауыр эмоционалды күйде болған»: Алматыда өмірден түңіліп, 16-қабаттан секірмек болған жігіт соңғы секундта құтқарылды (ВИДЕО)

    «Ауыр эмоционалды күйде болған»: Алматыда өмірден түңіліп, 16-қабаттан секірмек болған жігіт соңғы секундта құтқарылды (ВИДЕО)

    Фото: Polisia.kz

    Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция қызметкерлері 16-қабаттан секіріп, суицид жасамақ болған ер адамды құтқарып алды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Polisia сайтының мәліметінше, оқыс оқиға, кеше, 14 маусым күні кешке болған.

    «Кешқұрым «102» Бостандық ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде ер адамның 16-қабаттағы балконның сыртқы жағында тұрғаны және кез келген сәтте құлап кету қаупі бар екені туралы шұғыр хабарлама келді. Оқиға орнына полиция қызметкерлері, оның ішінде «Боран-407» және «Боран-414» патрульдік экипаждары жедел түрде жеткен», — деп хабарлайды полиция.

    Патруль қызметкерлері жағдайдың қаншалықты қорқынышты екенін бірден бағамдап, ең алдымен уақыт ұтуға және ер адамның назарын басқа жаққа бұруға талпынған.

    «Қолайлы сәт туған кезде полиция қызметкерлері батыл әрі жедел әрекет етіп, ер адамды ұстап қалып, қауіпсіз жерге шығарды. Бостандық аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің жедел-криминалистикалық бөлімшесінің бастығы Айдын Әбілдің айтуынша, бұл жағдайда әр секунд шешуші рөл атқарған», — деп хабарлайды полиция.

    Жалпы, оқиға орнына жеткен полицияның мәліметінше, ер адам ауыр эмоционалды күйде болған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →