Сурет: sn.kz
Джастин Гейджи жеңіл салмақтағы (70 келіге дейін) UFC ұйымының толыққанды чемпионы атанды. Ол 15 маусымда өткен UFC White House — Freedom 250 турнирінің басты жекпе-жегінде бұрынғы чемпион Илия Топурияны төртінші раундтан кейін жеңді. Топурия алған ауыр соққылар салдарынан соңғы раундқа шығудан бас тартты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Үшінші раундтан кейін Топурияның көру қабілетінде қиындықтар туындағаны айтылды. Төртінші раунд аяқталған соң жағдайы одан әрі күрделене түсіп, ол жекпе-жекті жалғастыра алмады. Осылайша, 29 жастағы испан-грузин файтерінің ММА-дегі көрсеткіші 17 жеңіс пен 1 жеңіліске жетті. Ал Джастин Гейджидің еншісінде 28 жеңіс және 5 жеңіліс бар.
Кештің екінші басты жекпе-жегінде француз Сириль Ган ауыр салмақтағы UFC уақытша чемпиондық белбеуі үшін өткен айқаста бразилиялық Алекс Перейраны нокаутпен жеңді.
