Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залына енді

    Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залына енген алғашқы қазақстандық спортшы атанды.

    Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залына енді

    Сурет: sn.kz

    Қазақстандық атақты боксшы Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залының (IBHOF) мүшесі атанды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Канастота қаласында өткен салтанатты рәсімде Головкин тарихта Бокс даңқы залына енген алғашқы қазақстандық спортшы болды. Бұл – оның әлемдік бокстағы жетістіктеріне берілген жоғары халықаралық баға.

    Геннадий Головкин кәсіпқой мансабында орта салмақта WBC, WBA, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанып, ұзақ жылдар бойы дивизионның көшбасшыларының бірі болды. Қазіргі таңда оның кәсіпқой бокстағы рекорды – 42 жеңіс, 2 жеңіліс, 1 тең нәтиже. Оның 37-сі нокаутпен аяқталған.

    Айта кетейік, Головкин соңғы жекпе-жегін 2022 жылы өткізген. Қазір ол Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінде және World Boxing құрылымында басшылық қызметтер атқарады. Дегенмен спортшы әзірге мансабын ресми түрде аяқтағанын жариялаған жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →