Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Талдықорған білім басқармасының бұрынғы басшысының мәйіті өзеннен табылды

    Талдықорғанда өзен жағасынан қалалық білім басқармасының бұрынғы басшысы Роза Барманованың мәйіті табылды, деп хабарлайды Qazaq.today  Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.

    Әйелдің денесін жергілікті балықшылар тауып алған.

     

    «Әйел адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Мүрде Қаратал өзенінің маңынан табылған. Аталған факті қалалық полицияға тіркелді. Қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды», — делінген Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

     

    Айта кетейік, Роза Бармановадан кейін Талдықорған қалалық білім саласын 2016-2022 жылдары басқарды. Одан кейін басқарма басшысы қызметін Жандос Жолдыханов атқарды. 2023 жылдың 27 сәуірінде ол 280 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталды.

     

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →