Тоқаев AMANAT партиясының бұрынғы төрағасына алғыс айтты

Тоқаев AMANAT партиясының бұрынғы төрағасына алғыс айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының бұрынғы төрағасы Ерлан Қошановқа аталған лауазымдағы абыройлы, нәтижелі әрі елге пайдалы еңбегі үшін алғыс айтып, партия мүшелерінің «Әділет» партиясына қосылу туралы тарихи шешіміне ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Сонымен қатар ол партия мүшелерінің жуырда өткен съезде жаңадан құрылған «Әділет» партиясына қосылу жөнінде қабылдаған шешімдеріне ризашылығын білдірді.

Президент елімізді жаңғырту, заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпке негізделген Әділетті Қазақстанды құру ісіне AMANAT партиясының елеулі үлес қосқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы отаншыл партия мүшелерінің «Әділет» партиясының қатарында да ел игілігі жолындағы белсенді әрі жемісті қызметін абыроймен жалғастыра беретініне сенім білдірді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика