Еліміздің батысында құлаған дрондар қай мемлекетке тиесілі

Фото: facebook/ОралПласт

Қазақстан аумағында, әсіресе батыс өңірлерде, соңғы бір жыл ішінде бірнеше рет белгісіз ұшқышсыз ұшу аппараттарының (дрондардың) құлағаны тіркелген. Кейбір жағдайларда олардың ауыл маңына құлап, жарылыс болғаны да айтылды.

Бұл жағдай қоғамда түрлі сұрақ тудырып отыр: құлаған дрондар қай елдің әскери техникасы?

Осы ретте Қорғаныс министрі орынбасары Дархан Ахмадиевке сұрақ қойылды.

Алайда ресми тарап әзірге нақты жауап бермей, тек тексеру мен талдау жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді. Қорғаныс саласы өкілдерінің айтуынша, мұндай оқиғалар бойынша түпкілікті қорытынды жасау үшін қосымша сараптама қажет.

Қазіргі таңда бұл дрондардың қай мемлекетке тиесілі екені ресми түрде расталған жоқ. Тергеу және техникалық сараптама нәтижелері жарияланғаннан кейін ғана нақты мәлімет берілуі мүмкін.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика