Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 1 қазан 2026 $ 439,7↓€ 498,3↓₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Массачусетсте 270-тен астам католик діни қызметкері балаларға жыныстық зорлық жасаған • Атырау облысында бала құқықтарын қорғау басқармасына жаңа басшы тағайындалды • Тоқаев Бавариямен ынтымақтастықтың жаңа моделін ұсынды • Криштиану Роналду Португалия құрамасынан кетті • Атырау облысында жол апатынан жасөспірім қаза тапты • Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы төрешілер шешіміне наразылық білдірді • Массачусетсте 270-тен астам католик діни қызметкері балаларға жыныстық зорлық жасаған • Атырау облысында бала құқықтарын қорғау басқармасына жаңа басшы тағайындалды • Тоқаев Бавариямен ынтымақтастықтың жаңа моделін ұсынды • Криштиану Роналду Португалия құрамасынан кетті • Атырау облысында жол апатынан жасөспірім қаза тапты • Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы төрешілер шешіміне наразылық білдірді •

    Түркістанда жұмыстан босатылған мұғалім сот ғимаратында өзіне қол жұмсамақ болды

    Түркістанда жұмыстан босатылған мұғалім сот ғимаратында өзіне қол жұмсамақ болды

    Түркістан облысының Ордабасы ауданында жұмыстан босатылған педагог аудандық сот ғимаратында өзіне қол жұмсауға әрекеттенген. Оқиға 3 маусым күні таңертең болған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, 24 жылдық еңбек өтілі бар ұстаз Х. Еримбетов биыл қаңтар айында мектеп әкімшілігінің шешімімен қызметінен босатылған. Педагог бұл шешіммен келіспей, өзінің еңбек құқықтарының бұзылғанын алға тартып, Түркістан облыстық еңбек инспекциясына шағымданған.

    Тексеру нәтижесінде еңбек инспекциясы жұмыс беруші тараптың әрекетін заңсыз деп танып, мұғалімді бұрынғы қызметіне қайта орналастыру жөнінде екі рет нұсқама бергені айтылды. Алайда бұл талаптардың орындалмағаны хабарланды.

    Осы жағдайға байланысты педагог өз құқығын қорғау үшін сотқа жүгінген. Сот ғимаратында болған оқиға қоғам назарын аударып, әлеуметтік желілерде қызу талқылануда.

    Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ресми органдар тарапынан қосымша ақпарат жарияланған жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →