Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 23 қараша 2026 $ 456,0↑€ 500,2↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Яссауи нағыз ақын болған»: парапсихолог Айнұр Әбдірәсілқызы әулиенің рухани мұрасы туралы айтты (ВИДЕО) • Қазақмыс шалғайдағы кеніштерде төтенше жағдайға дайындықты күшейтуде • Олейникова WTA рейтингінде тоғыз сатыға төмендеді • Бүгін — танымал режиссер Талғат Теменовтың туған күні • Қытайда магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі тіркелді • Бублик ATP рейтингінде 25-орында қалды, Шевченко алғашқы жүздіктен шықты • «Яссауи нағыз ақын болған»: парапсихолог Айнұр Әбдірәсілқызы әулиенің рухани мұрасы туралы айтты (ВИДЕО) • Қазақмыс шалғайдағы кеніштерде төтенше жағдайға дайындықты күшейтуде • Олейникова WTA рейтингінде тоғыз сатыға төмендеді • Бүгін — танымал режиссер Талғат Теменовтың туған күні • Қытайда магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі тіркелді • Бублик ATP рейтингінде 25-орында қалды, Шевченко алғашқы жүздіктен шықты •

    Alatau city жобасына зор үміт артып отырмыз — Тоқаев

    Alatau city жобасына зор үміт артып отырмыз — Тоқаев

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте сөз сөйледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

    — Өздеріңіз де білесіздер, жаңа қала салу туралы шешім экономикамызда күрделі жағдай болған кезде қабылданды. Бірақ біз бұл мәселеге байыппен қарадық. Асығыстыққа жол берген жоқпыз. Alatau city жобасы — шын мәнінде, жан-жақты зерделенді, пысықталды деп айтуға болады, — деді ол.

    Президент Alatau city жобасына зор үміт артып отырғанын айтты.

    — Жалпы, әлемдік тәжірибеге қарайтын болсақ, дәл осы болашақ қалаларын салу арқылы ел дамуын жаңа сапалық деңгейге көтеруге зор мүмкіндік туады. Мысалы, Дубай, Шэньчжэнь, Инчхон, тағы да бірқатар қаланың сәтті жобалар екені баршаға мәлім.

    Сол себепті біз де Alatau city жобасына зор үміт артып отырмыз. Бұл істе ең алдымен құқықтық сұрақтарды, жер және инфрақұрылым мәселелерін шешу қажет. Осы бастаманы іске асырудың бастапқы кезеңінде бірқатар негізгі бағытқа баса мән беруіміз керек, — деді Президент.

    Айта кетелік Президент Алатау қаласы құрылысының негізгі қағидалары жаңа Конституцияға енгізілгенін айтқан еді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →