25 мамыр: Қазақстанның басым бөлігінде күн жылы болады

25 мамыр: Қазақстанның басым бөлігінде күн жылы болады

Сурет: azattyq-ruhy.kz

Сенбі, 25 мамырда Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз, жылы ауа райы күтіледі. Дегенмен, елдің оңтүстігі мен батысындағы кей жерлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жаууы ықтимал деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамынша, республиканың батыс және оңтүстік өңірлерінде күндізгі ауа температурасы +30…+32 градусқа дейін көтеріледі. Маңғыстау облысы мен оңтүстік аймақтардың кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Ал Қызылорда облысында жел күшейіп, шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Еліміздің ірі қалаларында ауа райы келесідей болады: Астанада ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз +26…+28°C. Алматыда да жауын-шашын күтілмейді, күндізгі ауа температурасы +21…+23°C. Шымкентте күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ауа +24…+26°C дейін жылиды.

Басқа облыс орталықтарында: Ақтауда күндіз жаңбыр, найзағай күтілсе (+23…+25°C), Ақтөбеде (+27…+29°C), Атырауда (+30…+32°C) және Оралда (+29…+31°C) күн ашық. Қарағанды (+25…+27°C), Қостанай (+27…+29°C), Петропавл (+26…+28°C), Павлодар (+23…+25°C) қалаларында да жауын-шашынсыз. Талдықорған, Қонаев, Семейде күндізгі температура +21-ден +25 градусқа дейін болады. Өскеменде біршама салқын (+17…+19°C), ал Таразда (+24…+26°C) кей уақытта жаңбыр жаууы ықтимал.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика