Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Халық әртісі Меруерт Өтекешова жалғыз ұлының қазасы туралы айтты

    Қазақстанның Халық әртісі Меруерт Өтекешова сұхбатында 34 жасында үйлену тойы қарсаңында қайтыс болған жалғыз ұлы туралы жүрекжарды естеліктерімен бөлісті.

    Халық әртісі Меруерт Өтекешова жалғыз ұлының қазасы туралы айтты

    Сурет: aikyn.kz

    Қазақстанның Халық әртісі, танымал актриса Меруерт Өтекешова сұхбаттарының бірінде 34 жасында өмірден өткен жалғыз ұлы Әл-Фараби туралы айтып берді. Актрисаның сөзінше, ұлы үйлену тойына дайындалып жүргенде қайтыс болған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Актриса ұлының кішкентай кезінен денсаулығында кінәрат болғанын еске алды. «Бұл жүректе жазылмас жара қалдырады. Әрине, күйзеліс болды. Бірақ менің болмысымда әлсіздік көрсету жоқ. Қыздарым мен немерелерім бар, оларға қамқор болуым керек. Жақындарыма менің көмегім мен мейірімім қажет», – деді Меруерт Өтекешова Майя Бекбаеваға берген сұхбатында.

    Өнер иесі ауыр қайғыдан соң өзін қолға алып, өмір сүруді және жұмысын жалғастыруға күш тапқанын жеткізді. Ол өмірін жақындарына арнап, алға қарай ұмтылуды мақсат еткенін атап өтті.

    Сонымен қатар Меруерт Өтекешова кенже қызы Томиристің ағасының қазасын өте ауыр қабылдап, күйзеліске түскенін де сөз етті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →