«Айына 200 мың теңгеге өмір сүрдім»: Тұрсын Алагөзов қызметкерлеріне 100 пәтер сыйлады

«Айына 200 мың теңгеге өмір сүрдім»: Тұрсын Алагөзов қызметкерлеріне 100 пәтер сыйлады

Сурет: ru.qaz365.kz

«Maxi шай» брендінің негізін қалаушы, Galanz Bottlers компаниясының иесі, белгілі кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов өз қызметкерлеріне 100 пәтер сыйға тартты. Бизнесменнің айтуынша, бұл шешімге оның бизнесінен айырылып, айына 200 мың теңгеге өмір сүрген қиын кезеңі себеп болған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Кәсіпкер өз сөзінде бизнесінен айырылғаннан кейін үш жыл бойы ай сайынғы табысы 200 мың теңге болғанын еске алды. Ол сол кезде адам үшін ертеңгі күнге деген сенімділіктің қаншалықты маңызды екенін терең түсінген. «Бұл мен үшін өте әсерлі сәт, себебі мен өзім үш жыл бойы айына 200 мың теңге табыс тауып өмір сүрген кезеңді бастан өткердім. Маған өте қиын болды, бизнесімнен айырылдым, күн көретін қаражатым болмады», – деді Алагөзов.

Сол уақытта ол күнделікті қажетті шығындарға да ақшаны санап жұмсауға мәжбүр болғанын мойындады. «Мен күн сайын «10 мың теңге мынаған жетеді, 5 мың теңге сүтке жетеді» деп есептейтінмін. Осының бәрінен өттім, бұл өте ауыр еді», – деп еске алды кәсіпкер.

Тұрсынғали Алагөзовтың айтуынша, кейінірек жағдайы түзеліп, адамдарға қолдау көрсетуге мүмкіндігі пайда болған кезде, ол ең алдымен жанында жұмыс істейтін жандарға көмектесуді жөн көрген. Бизнесмен сол қиын шақта ипотекадағы пәтерінен айырылып қалудан үнемі қорқынышпен өмір сүргенін де атап өтті.

Ол егер бизнесін қайтарып алса, адамдарға көмектесуге өзіне уәде бергенін жеткізді. «Мен мұның қаншалықты қиын екенін түсіндім. Егер бизнесімді қайта қолға ала алсам, адамдарға көмектесемін деп өзіме ант бердім. Бүгін осында отырған баршаңызға жеке өз атымнан пәтер сыйлағым келеді», – деп мәлімдеді бизнесмен қызметкерлеріне. Ол сол қиын-қыстау кезеңде өзіне ең қажет болған нәрсе – тұрақтылық пен болашаққа деген сенімділік екенін қосты.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика