Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады

    Алматыда кене шаққандар саны күрт өсті: мыңнан астам адам дәрігерге жүгінді

    Алматыда кене шағу оқиғалары жиілеп, медициналық көмекке 1142 адам жүгінді. Бұл көрсеткіш былтырғыдан 19%-ға жоғары. Мамандар сақтық шараларын сақтауға шақырады.

    Алматыда кене шаққандар саны күрт өсті: мыңнан астам адам дәрігерге жүгінді

    Сурет: tengrinews.kz

    Алматыда кене шаққандар саны мыңнан асып, медициналық мекемелерге 1142 адам жүгінген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19 пайызға жоғары, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықованың айтуынша, биыл көктемнің жылы болуына байланысты жәндіктердің белсенділік маусымы ерте басталған. Алғашқы оқиғалар наурыз айының басында-ақ тіркелген. Дегенмен, маман жалпы шағымдар саны көпжылдық орташа көрсеткіштер шегінде қалып отырғанын атап өтті. Дәрігерге қаралған барлық адамға уақтылы шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, қажет болған жағдайда кенеге қарсы иммуноглобулин егілген.

    Зардап шеккендер арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі көрсеткендей, кене шағу оқиғаларының басым бөлігі жеке үйлер аумағында (37,2%), қала сыртында – Алматы, Жетісу және басқа облыстарда (35,2%), сондай-ақ Алматы маңындағы таулы аймақтарда (18,9%) тіркелген. Қала ішіндегі саябақтар мен скверлерде мұндай жағдайлар 3 пайызды құраған.

    Мамандар Алматы маңы кене энцефалиті мен кене боррелиозы сияқты инфекцияларды тасымалдайтын иксод кенелері таралған эндемиялық аумаққа жататынын еске салады. Жәндіктердің белсенділік маусымы сәуірден қазанға дейін созылады, ал оның шарықтау шегі мамыр-маусым айларына сәйкес келеді. Қазіргі таңда кене арқылы жұғатын инфекциялар тіркелген жоқ.

    Алматыда кенеге қарсы өңдеу жұмыстарының бірінші кезеңі 26 наурыз бен 30 сәуір аралығында жүргізілді. Екінші кезең ауа райына байланысты мамыр айына жоспарланған. Департамент өкілдері кенелерді толық жою мүмкін емесін, өңдеу шаралары олардың санын қауіпсіз деңгейде ұстауға бағытталғанын ескертеді. Сондықтан тұрғындарға табиғат аясына шыққанда ашық түсті, жабық киім киіп, репелленттер қолданып, үйге оралған соң денесін мұқият тексеріп отыруға кеңес беріледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →