Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 2 қыркүйек 2026 $ 461,6 535,6 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Салығымыз қайда кетіп жатыр?»: Ұлытаудағы Жыланды жолы жүргізушілердің ашуын туғызды Қазақстанда 23 мыңға жуық азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады VI Көшпенділер ойындары: Бүгін қазақстандықтар үшін маңызды жарыстар өтеді Алматы мен Санкт-Петербург ынтымақтастықты нығайтуда Қарағандыдағы ауруханада өрт шықты: құтқарушылар 20 науқасты эвакуациялады Президент тапсырмасымен жас ғалымдар баспаналы болды «Салығымыз қайда кетіп жатыр?»: Ұлытаудағы Жыланды жолы жүргізушілердің ашуын туғызды Қазақстанда 23 мыңға жуық азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады VI Көшпенділер ойындары: Бүгін қазақстандықтар үшін маңызды жарыстар өтеді Алматы мен Санкт-Петербург ынтымақтастықты нығайтуда Қарағандыдағы ауруханада өрт шықты: құтқарушылар 20 науқасты эвакуациялады Президент тапсырмасымен жас ғалымдар баспаналы болды

    «Көз жасымды ұстай алмадым»: Блогер Ырысбала тағы бір перзентіне диагноз қойылғанын айтты (ВИДЕО)

    «Көз жасымды ұстай алмадым»: Блогер Ырысбала тағы бір перзентіне диагноз қойылғанын айтты (ВИДЕО)

    Фото: видеодан скрин

    Танымал блогер Рысбала Икрамбай отбасыдағы жағдайы мен соңғы уақытта басынан өтіп жатқан қиын кезең туралы ашық айтты. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Блогер әлеуметтік желіде видео жариялап, баласының денсаулығына байланысты қатты алаңдап жүргенін жеткізді. Оның сөзінше, соңғы күндері көңіл күйі тұрақсыз болып, бір күліп, бір жылап жүрген сәттері көбейген.

    «Соңғы кезде неге бірде күліп, бірде жылап жүргенімді түсінбей жатқан шығарсыздар. Бұл маған да оңай емес. Білесіздер, бір балама “ЗПР” диагнозы қойылған.

    Жақында төртінші балам Расулды атымен шақырсақ, назар аудармайтынын байқадық. Бұған дейінгі тәжірибеміз бар болғандықтан, бірден дәрігерге апардық. Дәрігердің “өзіңіз де түсініп тұрсыз ғой” деген сөзінен кейін көз жасымды ұстай алмадым», – деді ол.

    Рысбала қазіргі уақытта екінші баласының денсаулығын жақсарту үшін ем-доммен айналысып жүргенін айтты. Желі қолданушылары блогерге қолдау білдіріп, жылы лебіздерін жаудыруда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →