Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 3 қазан 2026 $ 442,4↑€ 497,8↓₽ 5,31↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дәрігерлер тұмаудың қандай белгілерінде жедел көмекке жүгіну керектігін айтты • Талғарда әкесінің қабіріне барған жігітті пышақтап өлтіргендер сотқа тартылды • Алжир орман өртеушілер мен бала ұрлаушыларға өлім жазасын енгізді • Қазақ жеңіл атлеті Азия ойындарынан допинг сынамасы үшін шеттетілді • Қазақстандықтарды жауынгерлік аймақтан қайтару: СІМ Ресеймен келіссөз жүргізуде • Қыран Талапбек: 12 жасымда айына 5 мың доллар таптым • Дәрігерлер тұмаудың қандай белгілерінде жедел көмекке жүгіну керектігін айтты • Талғарда әкесінің қабіріне барған жігітті пышақтап өлтіргендер сотқа тартылды • Алжир орман өртеушілер мен бала ұрлаушыларға өлім жазасын енгізді • Қазақ жеңіл атлеті Азия ойындарынан допинг сынамасы үшін шеттетілді • Қазақстандықтарды жауынгерлік аймақтан қайтару: СІМ Ресеймен келіссөз жүргізуде • Қыран Талапбек: 12 жасымда айына 5 мың доллар таптым •

    Қазақмыстың Басқарма төрағасы Батыс кенішінің ұжымымен кездесті

    Қазақмыстың Басқарма төрағасы Батыс кенішінің ұжымымен кездесті
    Фото: Қазақмыс

    «Қазақмыс» корпорациясының Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлi Батыс кенішінің ұжымымен кездесу өткізді. Жиында өндірісті жаңғырту, еңбекті қорғау тиімділігін арттыру және қызметкерлерге арналған әлеуметтік кепілдіктерді дамыту мәселелері талқыланды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Жұмыс бағдарламасы аясында Басқарма төрағасы инфрақұрылымның қазіргі жағдайы мен оны заманауи технологиялық шешімдер арқылы жаңарту перспективасы туралы баяндамаларды тыңдады. Жаңғырту корпорацияның тұрақты дамуын қамтамасыз ету, өнімділікті арттыру және әлемдік нарықта бәсекелестікті күшейту стратегиясының ажырамас бөлігі екені ерекше атап өтілді.

    Кездесуде еңбек қауіпсіздігі мәселесіне айрықша назар аударылды. Кеніш басшылығы өндірістік жарақаттануды азайту және еңбек жағдайын жақсарту жөніндегі корпоративтік бағдарлама аясында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы баяндады. Сондай-ақ тәуекелдерді бақылау және еңбекті қорғау саласындағы озық тәжірибелерді енгізу тетіктері, оның ішінде қызметкерлерді оқыту және қорғаныс жабдықтарын жаңарту мәселелері талқыланды.

    «Қазақмыс» корпорациясы еңбек ұжымы алдындағы міндеттемелерін орындауды және өндірісті жаңғыртуға, еңбек қауіпсіздігінің жоғары деңгейін сақтауға, сондай-ақ өз қызметкерлерінің әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуге инвестиция салуды жалғастыруда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →