Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 3 қазан 2026 $ 442,4↑€ 497,8↓₽ 5,31↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Германия Президенті мен Канцлерін бірлік күнімен құттықтады • Астанада AI & Digital Bridge 2026 форумы: ЖИ мен цифрлық технологиялар бойынша келісімдер жасалды • ҰҚК алаяқтыққа күдікті азаматты Астанаға экстрадициялады • Мариан Журавлева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды • «Әділет» партиясы орта бизнесті дамыту жолдарын талқылады • ҚазҰУ Қытай серіктестерімен жасанды интеллект және энергетика саласында үш келісімге қол қойды • Тоқаев Германия Президенті мен Канцлерін бірлік күнімен құттықтады • Астанада AI & Digital Bridge 2026 форумы: ЖИ мен цифрлық технологиялар бойынша келісімдер жасалды • ҰҚК алаяқтыққа күдікті азаматты Астанаға экстрадициялады • Мариан Журавлева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды • «Әділет» партиясы орта бизнесті дамыту жолдарын талқылады • ҚазҰУ Қытай серіктестерімен жасанды интеллект және энергетика саласында үш келісімге қол қойды •

    Ақмоладағы апат: тамақ пісірмек болған балалар өртеніп кете жаздады (ВИДЕО)

    Ақмоладағы апат: тамақ пісірмек болған балалар өртеніп кете жаздады (ВИДЕО)

    Фото: © istockphoto.com

    Ақмола облысы Бұланды ауданындағы Макинск қаласында өрт сөндірушілер түтінге толған пәтерден екі баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы.

    Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өртті кезекшілік кезінде өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өздері байқап қалған. Олар жақын маңдағы көпқабатты үйдің бесінші қабатынан жалын шыққанын көріп, ресми шақыртуды күтпестен оқиға орнына дереу жеткен.

    Анықталғандай, өрт пештегі тамақтың жанып кетуінен шыққан. Ересектердің қарауынсыз қалған екі кәмелетке толмаған бала пешке кастрөл қойып, өздері ұйықтап кеткен. Тамақ күйіп, соның салдарынан ашық жалын тұтанып, пәтерді қалың түтін басқан.

    «Өртті қолда бар құралдардың көмегімен жедел сөндірген құтқарушылар түтінге толған пәтерден екі баланы аман-есен эвакуациялады. Тағы 25 тұрғын қауіпті аймақтан өздері шығып үлгерді», – делінген хабарламада.

    Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды және балаларды қараусыз қалдырмауды еске салады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →