Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 27 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жекеменшік мектептерді қаржыландыру цифрландырылды Тоқаев тапсырмасы: цифрлық бақылау бюджеттен 12 млрд теңгенің негізсіз жұмсалуына жол бермеді Cолтүстік Қазақстанда 38 жастағы ер адам көз жұмды Даниялық боксшы Жәнібек Әлімханұлын сынап тастады «Сахнада сипап тұрады»: Жеңіс Ысқақова жастарды сынап тастады Бір жыл бойы бітелмеген шұңқыр: Семей тұрғындары әкімдіктен жолды жөндеуді талап етті Жекеменшік мектептерді қаржыландыру цифрландырылды Тоқаев тапсырмасы: цифрлық бақылау бюджеттен 12 млрд теңгенің негізсіз жұмсалуына жол бермеді Cолтүстік Қазақстанда 38 жастағы ер адам көз жұмды Даниялық боксшы Жәнібек Әлімханұлын сынап тастады «Сахнада сипап тұрады»: Жеңіс Ысқақова жастарды сынап тастады Бір жыл бойы бітелмеген шұңқыр: Семей тұрғындары әкімдіктен жолды жөндеуді талап етті

    Пәкістан Ауғанстан астанасы Кабулға әуе соққысын жасады

    Пәкістан Ауғанстан астанасы Кабулға әуе соққысын жасады

    Фото: Saeed Ali Achakzai / Reuters
    Еuronews бұған «Талибан» қозғалысы өкілдерінің тікелей қатысы бар екенін жазады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Пәкістанға қарсы жасалған кең ауқымды шабуыл операциясы туралы Ауған тарапының әскери және үкіметтік шенеуніктері де айтып отыр. Олар қазіргі уақытта Пәкістанның шекара маңындағы блокбекеттеріне шабуыл жасап жатыр. Осы күні 15 бекет бақылауға алынған, ауған жағынан шығын жоқ.

    Әзірге Пәкістан билігі аталған ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме бермей отыр.
    Кабул операция Пәкістанның жексенбіге қараған түні Ауғанстанның Нангархар және Пактика провинцияларына жасаған әуе соққыларына жауап екенін мәлімдеді.

    БҰҰ-ның Ауғанстандағы миссиясының деректеріне сай, әуе шабуылдары салдарынан кемінде 13 бейбіт тұрғын жер жастанған. Ал ауған билігі 18 адамның қайтыс болғанын хабарлады.
    Пәкістан тарапы әуе соққылары нәтижесінде 80-нен аса қарулы содыр жойылғанын хабарлады. Исламабад бұл соққыларды «ел аумағында жанкештілер жасаған бірқатар терактіге жауап» деп атады.

    Пәкістан билігі «Талибанды» «содырлар мен террористердің өз аумағынан Пәкістанға өтуіне тосқауыл қоймай отыр» деп есептейді және айыптайды. Ауған тарапы мұны әрдайым жоққа шығарып келеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →