Михаил Шайдоров Олимпиадада сенсация жасауға жақын: Ол бесінші орында

2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында өнер көрсетіп жатқан қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша бесінші орынға табан тіреді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Отандасымыз алғашқы жарыс күнінде өзінің өнері үшін 92,94 ұпай жинап, жүлделі орындарға таласуға зор мүмкіндік алды.

Қазіргі уақытта жарыстың негізгі фавориті, америкалық Илья Малинин 108,16 ұпаймен көш бастап тұр. Үздік үштікке жапониялық Юма Кагияма (103,07) мен франциялық Адам Сяо (102,55) енді.

Ал Шайдоровтың дәл алдында төртінші сатыда италиялық спортшы Даниэль Грасл (93,46) келеді. Бұл отандасымыздың жүлдеге таласу мүмкіндігі жоғары екенін көрсетеді.

Ерлер арасындағы жекелей сында еркін бағдарлама 13 ақпанда өтеді. Дәл осы күні Олимпиада жүлдегерлерінің есімі белгілі болады.

Фото: ҚР ҰОК / Сәли Сәбіров

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика