Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Петропавл мектебінде дабыл: Оқушыдан тапанша табылып, ата-анасы да жазаланды

    Петропавлда 11-сынып оқушысы мектепке пневматикалық тапанша әкелген. Оқиғадан соң оқушы мен оның ата-анасы жауапкершілікке тартылды.

    Петропавл мектебінде дабыл: Оқушыдан тапанша табылып, ата-анасы да жазаланды

    Петропавлдағы мектептердің бірінде 11-сынып оқушысынан қару табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім тапаншаны төменгі сыныптағы балаларға көрсетіп, тіпті бір рет оқ атқан болуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Бұл деректі облыстық білім басқармасы мен полиция департаменті растады. Мектепке алғашқы хабарды басқа оқушылардың ата-аналары жеткізген. Оқиғадан соң мектеп әкімшілігі дереу күзет қызметін шақырып, оқушыны кабинетке кіргізген. Бұл туралы оның ата-анасы мен ювеналды полиция инспекторына хабар берілген.

    Тексеру кезінде оқушыдан табылған қарудың пневматикалық тапанша екені анықталды. Ол оқ ататын қаруға жатпайды. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

    Тексеріс қорытындысы бойынша оқушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал оның ата-анасына баланы тиісінше тәрбиелемегені және бақылаусыз қалдырғаны үшін шара қолданылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →