Астанада ауа райы күрт бұзылды: Екінші ауысым оқушылары үйден оқиды

Астанада ауа райының күрт нашарлауына байланысты екінші ауысымдағы оқушылардың бір бөлігі қашықтан оқытуға көшірілді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Бұл шешімді қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жариялады.

«10 ақпанда екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді», — делінген ресми хабарламада.

Мұндай шешімнің қабылдануына қолайсыз метеорологиялық жағдай себеп болған. «Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, бүгін елордада көшпелі бұлт шығып, жаңбыр мен қар аралас жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрден 15-20 метрге дейін, кей сәттерде тіпті 23 м/с дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде және күндіз -1…+1°C шамасында болады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика