Ақ үй: Қырғыз жүргізушісінің ісі көші-қон саясатын қатаңдатуға себеп болды

АҚШ-та төрт адамның өмірін қиған жол апатына кінәлі деп күдіктелген Қырғызстан азаматы, жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Америка билігінің мәліметінше, Бекжан Бейшекеев елге заңсыз кіріп, Пенсильвания штатында коммерциялық жүргізуші куәлігін алған. Ол жол ережесін бұзып, қарсы бағытқа шығып кеткені айтылады. Жол апатынан кейін күдікті қамауға алынды.

Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі дипломаттардың оқиғаның мән-жайын, ұсталған азаматтың мәртебесін және оған консулдық көмек көрсету мәселесін анықтап жатқанын растады.

Сонымен қатар АҚШ билігі жүргізушінің елде заңсыз жүргеніне баса назар аударып отыр. Ақ үй бұл оқиғаны миграциялық саясатты қатаңдату қажеттігінің дәлелі ретінде пайдаланды.

«Бұл жағдай көші-қон саясатын қатаңдату және елден шығару шараларын жалғастыру қажет екенін тағы бір дәлелдейді», — деп мәлімдеді Ақ үйдің ресми өкілдері.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика