Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 12 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сыныптасының телефонынан жалған хабарлама жолдаған: Павлодарда оқушының үстінен қылмыстық іс қозғалды • Алматы облысында тұрғындар өз ақшасына төсеген асфальттан айырылды: ауыр техника көшені батпаққа айналдырған • Алматы ірі халықаралық конгрестерді тартуға басымдық беріп отыр: қаланың мүмкіндіктері Панамада өткен ICCA Congress 2026 жиынында таныстырылды • Алматы ғылымға алғаш рет 348 млн теңге бөлді: ғалымдар қандай технологиялар әзірлеп жатыр? • Нұрлан Албанның ұлы әскерден оралды • Nvidia директорлар кеңесі Дженсен Хуаңды қызметтен кетіруге дайындалып жатыр • Сыныптасының телефонынан жалған хабарлама жолдаған: Павлодарда оқушының үстінен қылмыстық іс қозғалды • Алматы облысында тұрғындар өз ақшасына төсеген асфальттан айырылды: ауыр техника көшені батпаққа айналдырған • Алматы ірі халықаралық конгрестерді тартуға басымдық беріп отыр: қаланың мүмкіндіктері Панамада өткен ICCA Congress 2026 жиынында таныстырылды • Алматы ғылымға алғаш рет 348 млн теңге бөлді: ғалымдар қандай технологиялар әзірлеп жатыр? • Нұрлан Албанның ұлы әскерден оралды • Nvidia директорлар кеңесі Дженсен Хуаңды қызметтен кетіруге дайындалып жатыр •

    Астанада 55 жастағы ер адам ауыр халдегі анасын тұншықтырып өлтірген

    Астанада 55 жастағы ер адам ауыр халдегі анасын тұншықтырып өлтірген

    Фото: depositphotos.com

    Астанада ауыр қылмысқа қатысты сот үкімі шықты. Тергеу мәліметінше, 55 жастағы қала тұрғыны ауыр науқастан төсекке таңылған анасын тұншықтырып өлтірген. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Оқиға 2025 жылдың шілде айында Астана қаласында болған. Күдікті жедел жәрдем шақырып, анасының кенеттен жағдайы нашарлағанын айтқан. Дәрігерлер келген кезде қарт әйелдің қайтыс болғанын тіркеді. Марқұмның мойнынан гематомалар анықталып, сот-медициналық сараптама өлімнің тұншығу салдарынан болғанын көрсетті.

    Марқұмның ұлы анасының ауруына байланысты өзін ұстай алмай, сүлгіге асылып қалмақ болғанын, ал өзі оны құтқарып үлгергенін айтқан. Алайда көршілері мен таныстары мүлде басқа деректер келтірді. Олардың айтуынша, ер адам еш жерде жұмыс істемеген, анасының зейнетақысымен күн көрген, ішімдікке әуес болған, жиі жанжал шығарып, ауладағы әйелдер мен балаларға күш көрсеткен.

    Сондай-ақ төсек тартып жатқан анасын да ұдайы ұрып-соққаны белгілі болған.

    «Жиналған айғақтар мен сараптама қорытындылары негізінде сот ер адамды қасақана кісі өлтірді деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ», – делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →