Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 12 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сыныптасының телефонынан жалған хабарлама жолдаған: Павлодарда оқушының үстінен қылмыстық іс қозғалды • Алматы облысында тұрғындар өз ақшасына төсеген асфальттан айырылды: ауыр техника көшені батпаққа айналдырған • Алматы ірі халықаралық конгрестерді тартуға басымдық беріп отыр: қаланың мүмкіндіктері Панамада өткен ICCA Congress 2026 жиынында таныстырылды • Алматы ғылымға алғаш рет 348 млн теңге бөлді: ғалымдар қандай технологиялар әзірлеп жатыр? • Нұрлан Албанның ұлы әскерден оралды • Nvidia директорлар кеңесі Дженсен Хуаңды қызметтен кетіруге дайындалып жатыр • Сыныптасының телефонынан жалған хабарлама жолдаған: Павлодарда оқушының үстінен қылмыстық іс қозғалды • Алматы облысында тұрғындар өз ақшасына төсеген асфальттан айырылды: ауыр техника көшені батпаққа айналдырған • Алматы ірі халықаралық конгрестерді тартуға басымдық беріп отыр: қаланың мүмкіндіктері Панамада өткен ICCA Congress 2026 жиынында таныстырылды • Алматы ғылымға алғаш рет 348 млн теңге бөлді: ғалымдар қандай технологиялар әзірлеп жатыр? • Нұрлан Албанның ұлы әскерден оралды • Nvidia директорлар кеңесі Дженсен Хуаңды қызметтен кетіруге дайындалып жатыр •

    «Бала өлі туды»: Семейде 20 жастағы ана шақалақтың денесін қоқыс жәшігіне тастап кеткен

    «Бала өлі туды»: Семейде 20 жастағы ана шақалақтың денесін қоқыс жәшігіне тастап кеткен

    Семей қаласының қақ ортасындағы қоқыс жәшігінен шақалақтың мәйіті табылды. Полиция оның анасын тапты. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Абай облысының полиция департаменті хабарлағандай, адам шошырлық жайт 3 ақпан күні тіркелген.

    «2026 жылдың 3 ақпанында Әуезов полиция бөліміне Семейде қоқыс жәшігінен сүлгіге оралған жаңа туған нәрестенің мәйіті табылғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобының қызметкерлері шұғыл келіп жетті. Алғашқы іс-шаралар барысында үйінде босанған 20 жастағы қыз анықталды», — деп хабарлайды полиция департаменті.

    Ол полицияға баласы өлі туғанын айтқан.

    «Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Нәрестенің мәйіті сараптамаға жіберілді, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданып, оқиғаға қатысы бар екі тұлғаның әрекеттеріне құқықтық баға беріледі», — деп хабарлайды Абай облысының полиция департаменті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →