Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 12 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Семейдегі Жоламан кентін су басты: тұрғындар көшенің орнына көл кешіп жүр • Сергей Романович Қазақстанда сериал түсіреді: 6–8 серия, басты рөлде өзі • Алматы облысында тұрғындар өз ақшасына төсеген асфальттан айырылды: ауыр техника көшені батпаққа айналдырған • «Дәл сен ештеңе айтпай-ақ қойшы»: Желіде Азамат Сатыбалдының «Қазақфильмді» басқарған кезеңіне қатысты дау шықты • Сыныптасының телефонынан жалған хабарлама жолдаған: Павлодарда оқушының үстінен қылмыстық іс қозғалды • Алматы облысында тұрғындар өз ақшасына төсеген асфальттан айырылды: ауыр техника көшені батпаққа айналдырған • Семейдегі Жоламан кентін су басты: тұрғындар көшенің орнына көл кешіп жүр • Сергей Романович Қазақстанда сериал түсіреді: 6–8 серия, басты рөлде өзі • Алматы облысында тұрғындар өз ақшасына төсеген асфальттан айырылды: ауыр техника көшені батпаққа айналдырған • «Дәл сен ештеңе айтпай-ақ қойшы»: Желіде Азамат Сатыбалдының «Қазақфильмді» басқарған кезеңіне қатысты дау шықты • Сыныптасының телефонынан жалған хабарлама жолдаған: Павлодарда оқушының үстінен қылмыстық іс қозғалды • Алматы облысында тұрғындар өз ақшасына төсеген асфальттан айырылды: ауыр техника көшені батпаққа айналдырған •

    13 жастағы қызға зорлық көрсеткен: Анасы полицияны айыптады

    13 жастағы қызға зорлық көрсеткен: Анасы полицияны айыптады
    Фото: видео скриншот

    Жамбыл облысына қарасты Шу ауданында 13 жастағы жасөспірім қыздың ересек ер адамның әрекетінен жәбір көргені туралы дерек қоғамды дүр сілкіндірді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Алдын ала мәліметке сәйкес, қылмыс шамамен бір жарым жыл бойы жалғасқан болуы мүмкін. Құқық қорғау органдары тергеу жүріп жатқанын растағанымен, істің толық мән-жайын жарияламады.

    Жәбірленуші тараптың анасы бірқатар даулы мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, полиция бөлімінде анасы мен қызды күдіктімен бетпе-бет, «мұрын түйістіре» кездестіруге мәжбүрлеген. Кейін күдіктінің анасы олардың үйіне арнайы барып, ұлын кешіруді сұраған.

    Сондай-ақ, әйел аудандық полиция қызметкерлерін ар-намысқа тиетін бейнематериалдың таралуына қатысты да айыптап отыр. Анасының сөзінше, әлгі масқара видеоның таралуына құқық қорғау органдарының қатысы болуы мүмкін.

    Қазіргі таңда іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ресми органдар қосымша ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейтінін хабарлады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →