Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 12 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Екібастұзда теміржол стансасында жұмысшы қайтыс болды • «Сәтсіз шыққан»: Ғазизхан Шекербеков пен Кәмшат Жолдыбаеваның әні сынға ұшырады (ВИДЕО) • «Барыс» ҚХЛ-да «Адмиралмен» өз алаңында кездеседі • Семейдегі Жоламан кентін су басты: тұрғындар көшенің орнына көл кешіп жүр • Сергей Романович Қазақстанда сериал түсіреді: 6–8 серия, басты рөлде өзі • Алматы облысында тұрғындар өз ақшасына төсеген асфальттан айырылды: ауыр техника көшені батпаққа айналдырған • Екібастұзда теміржол стансасында жұмысшы қайтыс болды • «Сәтсіз шыққан»: Ғазизхан Шекербеков пен Кәмшат Жолдыбаеваның әні сынға ұшырады (ВИДЕО) • «Барыс» ҚХЛ-да «Адмиралмен» өз алаңында кездеседі • Семейдегі Жоламан кентін су басты: тұрғындар көшенің орнына көл кешіп жүр • Сергей Романович Қазақстанда сериал түсіреді: 6–8 серия, басты рөлде өзі • Алматы облысында тұрғындар өз ақшасына төсеген асфальттан айырылды: ауыр техника көшені батпаққа айналдырған •

    5 бала жараланды: 8-сынып оқушысы сыныпқа балтамен кіріп, бензин шашты

    Ресейдің Красноярск қаласында 8-сынып оқушысы сыныптастарына балтамен шабуылдап, бензин шашып өртеп жіберді. 5 оқушы ауыр жарақат алды.

    5 бала жараланды: 8-сынып оқушысы сыныпқа балтамен кіріп, бензин шашты
    file_382.jpg

    Ресейдің Красноярск қаласындағы №153 мектепте жантүршігерлік оқиға болды. 8-сынып оқушысы сыныптастарына шабуыл жасап, бірнеше баланы жарақаттады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 14 жастағы жасөспірім сабаққа балтамен және бензин құйылған ыдыспен келген. Ол сыныпқа кірген бойда оқушыларға бензин шашып, от қойған. Бұған қоса, бірнеше сыныптасын балтамен ұрып жарақаттағаны айтылады.

    Салдарынан бес оқушы зардап шекті. Бір баланың денесінің 40 пайызы күйіп, қазір ауыр халде жатыр. Тағы екі оқушының денесін 15 пайыздық күйік шалған. Қалған екеуі бас-ми жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

    Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр. Құқық қорғау органдары шабуылдың себебі мен оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →