Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 3-4 ақпан күндері Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Ақорданың ресми мәліметінше, сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен және Президенті Асиф Али Зардаримен келіссөздер жүргізеді.
Кездесулерде екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту жайы талқыланбақ.
Сонымен қатар Президенттің Қазақстан-Пәкістан бизнес форумына қатысатыны жоспарланған.
