Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 21 қазан 2026 $ 450,2↓€ 505,8↓₽ 5,44↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Пәкістанмен сауда ұлғаймақ: Қазақстанда тауар бағасы арзандай ма? • Бакуден Ереванға дейін: Тоқаевтың Қатар және Израиль басшыларымен кездесуі мен Каспий итбалығы үшін үндеуі • СҚО-да белгісіз сусын ішкен екі ер адам қайтыс болды • «Соғымға соймаңыздар»: Көкшетаудағы Саргүл есімді қой желіні сүйсінтті (ВИДЕО) • «Мама келіп, берекеміз артып жатыр»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі енесін көрсетті • Қазақстаннан 45 млрд теңгенің мұнай өнімі заңсыз шығарылған • Пәкістанмен сауда ұлғаймақ: Қазақстанда тауар бағасы арзандай ма? • Бакуден Ереванға дейін: Тоқаевтың Қатар және Израиль басшыларымен кездесуі мен Каспий итбалығы үшін үндеуі • СҚО-да белгісіз сусын ішкен екі ер адам қайтыс болды • «Соғымға соймаңыздар»: Көкшетаудағы Саргүл есімді қой желіні сүйсінтті (ВИДЕО) • «Мама келіп, берекеміз артып жатыр»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі енесін көрсетті • Қазақстаннан 45 млрд теңгенің мұнай өнімі заңсыз шығарылған •

    Ертістегі өрт: Жалыннан аман қалған екі сәби ауруханада жан тапсырды

    Павлодар облысы Ертіс ауылындағы өрт қайғылы жағдайға ұласты. Жалыннан құтқарылған төрт баланың екеуі ауруханада көз жұмды.

    Ертістегі өрт: Жалыннан аман қалған екі сәби ауруханада жан тапсырды
    file_116.jpg

    Павлодар облысы Ертіс ауылындағы жеке тұрғын үйде болған өрт салдарынан екі бала ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама таңғы сағат 8:33-те түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына үш минут ішінде жеткен.

    Құтқарушылар келгенде үй толығымен жанып жатқан. Жиһаз, үй заттары мен шатырды от шарпыған.

    «Қиын жағдайға қарамастан, өрт сөндірушілер бірден зардап шеккендерді іздей бастады. Кәмелетке толмаған үш баланы құтқарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Тағы бір сәбиді өрт сөндірушілер келгенге дейін алып шыққан. Өкінішке қарай, кәмелетке толмаған екі бала ауруханада көз жұмды», — деп хабарлады департаменттен.

    Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →