Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Жасанды интеллект адамзаттың ақылынан асып түсуі мүмкін – Илон Маск

    Жасанды интеллект адамзаттың ақылынан асып түсуі мүмкін – Илон Маск

    Фото: Gettyimages.ru

    2031 жылға қарай жасанды интеллект ақыл-ой деңгейі бойынша бүкіл адамзаттан асып түсуі мүмкін. Бұл туралы америкалық бизнесмен, Tesla компаниясының басшысы Илон Маск Давоста өткен Дүниежүзілік экономикалық форумда айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    «Біздің пайымымыз бойынша кез келген адамнан ақылдырақ жасанды интеллект пайда болады. Бәлкім, 2030 немесе 2031 жылдарға қарай, яғни бес жылдан соң жасанды интеллект бүкіл адамзаттан ақылды  болуы мүмкін», – деді Илон Маск.

    Оның болжамынша, болашақта әлемде адамдардан гөрі роботтар саны басым болады. Миллиардер жасанды интеллект пен роботтар адамға кез келген істі орындауға көмектесуі мүмкін деп топшылады.

    «Миллиардтаған адам тектес роботтар пайда болған жағдайда, ал мен олардың көп болатынына сенемін, меніңше, жер бетінде әр адамның өз роботы болуы да мүмкін», – деді Tesla басшысы.

    Илон Маск басқаратын Tesla компаниясы адам тектес Optimus атты роботтарды шығарумен айналысады. Мұндай роботтар жасанды интеллект және Tesla-ның автопилот жүйесімен жұмыс істейді. 2023 жылғы желтоқсанда Optimus роботының жаңа буыны – Gen 2 моделі таныстырылды. Илон Маск Tesla-ның биылғы ақпан-наурыз айларына дейін Optimus-тың сериялы прототипін әзірлеуді жоспарлап отырғанын да айтты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →