Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 15 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда құрылыс материалдарын өндіру: 105 жоба 775 млрд теңге инвестиция тартады Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті болды Алматы мен облыста жаппай электр жарығы сөнді Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 464,02 теңгеге төмендеді «Емге де ақша берген»: Бетперде киген жігіт 16 жастағы қызға баспана сыйлады Алматыда электр қуатының авариялық өшірілуі: қала қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр Қазақстанда құрылыс материалдарын өндіру: 105 жоба 775 млрд теңге инвестиция тартады Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті болды Алматы мен облыста жаппай электр жарығы сөнді Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 464,02 теңгеге төмендеді «Емге де ақша берген»: Бетперде киген жігіт 16 жастағы қызға баспана сыйлады Алматыда электр қуатының авариялық өшірілуі: қала қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

    Аягөз–Шұбартау жолы ойран болды: халық өз қолымен қазып, жолды жабуға дайын

    Аягөз–Шұбартау жолы ойран болды: халық өз қолымен қазып, жолды жабуға дайын

    Фото: видеодан скрин

    Аягөз бен Шұбартау арасындағы жол бүгін адам жүргісіз күйге түскен. Кадрлардан асфальттың қақ айырылып, терең орға айналғанын анық көруге болады.

    Жергілікті тұрғындар шыдамы таусылып, жолды өздері қазып, жабамыз деп отыр. Айтуларынша, бұл жолмен жүру — көлікке де, адамға да қауіп.

    Бұрын екі сағатта жететін бағыт қазір бірнеше есе ұзарған. Ауыр жүк көліктері мен сапасыз жөндеу мәселені ушықтырып жіберген.
    Жыл сайын бөлінетін қаржының қайда кетіп жатқанына халық күмәнмен қарайды. Биылғы жөндеу де нәтиже бермеген, жаңа салынған бөліктер бірден бұзылған.

    Бұл мәселе бүгін туған жоқ, ондаған жыл бойы қордаланған проблема. Жергілікті жұрт егер шешім болмаса, жолды толық жауып тастаймыз деп отыр.

    Видео: elordamedia.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →