Атырауда оқушыға ит шапты: қаңғыбас иттер мәселесі қауіпті деңгейге жетті

Атырау қаласында қаңғыбас иттерге байланысты тағы бір алаңдатарлық жағдай тіркелді. Нұрсая ықшам ауданында мектеп оқушысына ит шабуыл жасап, тұрғындар қауіпсіздікке алаңдап отыр. Әлеуметтік желіде тараған видеода иттің агрессивті мінез көрсетіп, қызды қуып жетуге шақ қалғаны көрінеді. Абырой болғанда, бұл жолы ешкім зардап шеккен жоқ. Алайда тұрғындар мұндай жағдайлар соңғы кезде жиілеп кеткенін айтып дабыл қағуда….

Толық оқу

Атырауда жеңіл көлік пен тепловоз соқтығысты (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр Атырауда теміржол өткелінен өтіп бара жатқан жеңіл көлік пен тепловоз соқтығысып қалды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. «Ақ Жайық» басылымының мәліметінше, 17 наурызға қараған түні шамамен сағат 00:20-де Атырау – Дамба автожолы бойындағы жанармай құю бекеті маңындағы теміржол өткелінде пойыздың қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше,…

Толық оқу

Атырауда 58 жастағы мұғалімді күйеуі пышақтап өлтірген

Фото: Pixabay  Атырауда 58 жастағы мұғалімді күйеуі пышақтап өлтірген. Оқиға 16 наурызға қараған түні болған. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. 16 наурыз 03:30 шамасында полицияға тұрмыстық жанжал салдарынан 58 жастағы әйел адамның қаза тапқаны туралы хабарлама түскен. Қазір аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. — 62…

Толық оқу

Атырауда BINOM мектебінде оқушылар пышақ ұстаған

Атырау қаласында мектеп ішінде болған жағдай қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызды. Д.Қонаев атындағы BINOM мектебінде жоғары сынып оқушысы қыз балаға үшкір затпен жарақат салынған. Полицияның мәліметінше, күдікті 9-сынып оқушысы. Ал қолданылған заттың пышақ па, әлде қайшы ма екені әзірге нақтыланбаған. Зардап шеккен оқушыға жедел медициналық көмек көрсетіліп, ол Атырау облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын…

Толық оқу

«Дауысы керемет»: Роза Рымбаева 14 жастағы атыраулықтың арманын орындады (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин Атырау қаласында Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеванің концерті өтті. Бұл кеш 14 жастағы Изабелла Галстян үшін ерекше есте қалды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. Өйткені ол сүйікті әншісінің концертін тамашалап қана қоймай, онымен жеке кездесуге мүмкіндік алды. Тіпті өнер иесі жас жанкүйеріне тағы да кездесіп, оның орындауын тыңдауға уәде берді. Изабелла…

Толық оқу
Яндекс.Метрика