Тоқаев Ресейдегі «Бауырластар» зиратына гүл шоғын қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ржев округі Трубино деревнясындағы майдандас жауынгерлер жерленген бауырластар зиратына гүл шоғын қойды, — деп хабарлайды Qazaq.today. Мемлекет басшысы Ржев түбіндегі сұрапыл шайқас кезінде қаза тапқан және із-түзсіз жоғалған боздақтардың рухына тағзым етті. «Бауырластар зиратында қолында автоматы бар жауынгердің мүсіні орнатылған. Ескерткіштің жанындағы таста «1941-1945 жылдары неміс-фашист басқыншыларынан Ржевті азат ету үшін болған…
