Ақтауда 16 медицина қызметкері астан уланып қалды
Бұл туралы Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. «10 сәуір күні Ақтау қаласындағы мейрамхананың бірінде ауызашар болған. Ауызашарға қала, аудандық емдеу мекемелерінің дәрігерлері, жалпы 50 адам шақырылған. Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы жұқпалы аурулар бөлімінің мәліметінше, 16 адам улану белгілерімен шағымданған», — делінген басқарма хабарламасында. Аурухана дәрігері науқастардың бүгінгі жағдайы…
