Атырауда зорлыққа ұшыраған қыз көмек сұрады
Атырауда 15 жасында еріксіз тұрмысқа шыққан қыз күйеуінен зәбір көргенін айтып, көмек сұрады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. Өзін Мөлдір Амандық деп таныстырған қыздың видеосы «Президентке хат» телеграм арнасында жүктелді. Оның сөзінше, оған күйеуі қысым көрсетіп, қорқытып, еркінен тыс мәлімдеме жасатып, телефонын сындырып тастаған. «Мен инстаграмдағы жазбаны кетіру үшін үндеу жасаған болатынмын. Алайда, мән-жайдың астарын ешкім білмейді….
