Таразда есірткі сатушылардан 5,5 млн теңгеге мефедрон тәркіленді
Жамбыл облысының полициясы синтетика сатушылардың қызметін тоқтатты. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Ұзақ уақыт бойғы жедел-тергеу іс-шаралар кешенінің нәтижесінде есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар 2 күдікті – Тараз қаласының 34 және 32 жастағы тұрғындары анықталып, ұсталды.Олар синтетикалық есірткіні облыс орталығы аумағында таратқан. — Екі жақын дос Тараз қаласында…
