Абзал Алаш

2024 жылы Олимпиада чемпионы болған өзбек боксшысы допинг қолданғаны анықталды

Фото: vzglyad.uz Өзбекстанның танымал боксшысы, Париж Олимпиадасының чемпионы Лазизбек Муллажонов үш жылға спорттан шеттетілді. Бұл туралы Халықаралық допинг-тестілеу агенттігі (ITA) ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. Агенттіктің мәліметінше, 2025 жылдың 11 маусымында жарыстан тыс кезеңде алынған сынамадан тыйым салынған метастерон препараты анықталған. Спортшы допинг қолданғанын мойындағандықтан, оған берілетін жаза төрт жылдан үш жылға қысқартылды. «Ресми шешімге…

Толық оқу

Астанада өткен «Жастар Жалыны – 2025» фестивалі жастарды өнер мен спортта жаңа биікке көтерді

Фото: Qazaq.today Астанада ең белсенді, талантты және мақсатшыл жастарын біріктірген «Жастар Жалыны – 2025» шығармашылық-спорттық фестивалі өтті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Биылғы шара Назарбаев Университетінің базасында ұйымдастырылып, үш күн бойы қала жастарын бір алаңға жинады. Фестивальдің басты мақсаты – өнерді, спортты және шығармашылықты біріктіріп, жастарға өз қабілетін танытуға мүмкіндік беру. Фестиваль бүгін салтанатты түрде…

Толық оқу

Дариға Бадықованың кезекті хиты: «Ыстық ұя» фильмі 1,7 млрд теңгеден астам касса жинады

  Kinopark Theatres Қазақстандық актриса әрі продюсер Дариға Бадықова түсірген жаңа туынды – «Ыстық ұя» фильмі прокатта үлкен жетістікке жетті. Rentrak жүйесі мен дистрибьюторлардың дерегіне сүйенсек, 2025 жылдың 2 қазанынан 9 қарашасына дейінгі аралықта картина 1,7 миллиард теңгеден астам табыс жинаған. Бұл туралы Kinopark Theatres жазды, деп хабарлайды Qazaq.today тілшісі Nur.kz-ке сілтеме жасап. «Ыстық ұя»…

Толық оқу

Трамптың тілін тапқан Тоқаев: Қазақстан Орта Азияны алға сүйрейтін державаға айналып келеді

Фото: Ақорда Орта Азия бүгінде әлем назарындағы аймаққа айналды. Әлемнің алып державалары — Еуропалық Одақ, Ресей, Қытай, Германия және АҚШ аймақ елдерімен «Орталық Азия + .» форматында саммиттер өткізіп, өңірмен өзара ықпалдастықты нығайтуға мүдделі. Бұл кездейсоқ үрдіс емес. Көнеден «Памир түйіні» аталған, талай өркениеттің ізі қалған бұл өңір ежелден геосаяси және экономикалық тұрғыдан стратегиялық маңызға…

Толық оқу

Астанада алғаш рет жасанды интеллект көмегімен дайындалған спектакль сахналанды

Астанада бүгін тың форматтағы премьера өтті. «Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры» жасанды интеллектпен әзірленген «Жылы мұң» қойылымын көрерменге ұсынды. Театр директорының орынбасары бұл бастаманың мәнін түсіндіріп: «Біз шығармашылық үдеріске жасанды интеллектті енгізуді ұзақ ойландық. Бұл – біз үшін тәуекел, бірақ уақыт талабы осы. Сценография да, костюм де, визуалдық шешімдер де ЖИ арқылы…

Толық оқу
Яндекс.Метрика