Басты бет » «Өзбекстанға өтіп кеткен»: Атырауда жоғалған отбасы туралы тың дерек шықты

«Өзбекстанға өтіп кеткен»: Атырауда жоғалған отбасы туралы тың дерек шықты

file_64.jpg

Атырау облысында бірнеше айдан бері із-түссіз жоғалып кеткен отбасы туралы жаңа деректер пайда болды. Журналист Руслан Өтепбайдың зерттеуінше, олардың бұл әрекеті алдын ала жоспарланған болуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Журналистің мәліметінше, бәрі отбасының ұлы Наурыздан басталған. Ол шамамен бес-алты ай бұрын Ақтау қаласына жұмыс істеуге кетіп, содан бері хабарсыз қалған. Ауылдастары одан ешқандай хат-хабар келмегенін айтады.

Ал осы жылдың қазан айында отбасының отағасы Мақсот Қарабалин «дәрігерге барамыз» деген сылтаумен әйелі мен үшінші топ мүгедегі бар қызы Мирамгүлді алып кеткен. Осыдан кейін олардың ешқайсысы ауылға қайта оралмаған. Бұл жағдай туыстарының қатты алаңдаушылығын тудырған.

Күдікті жайт мұнымен бітпейді. Көп ұзамай үйдегі барлық мал-мүлік ұлдары Наурыздың атынан WhatsApp арқылы сатылған. Ақша Kaspi шотына аударылғанымен, осыдан кейін де отбасы мүшелерінің ешқайсысы байланысқа шықпаған.

Журналистке хабарласқан Мақсот Қарабалиннің жақын туысы бұл оқиғаның жай-жапсарын баяндаған аудиожазба жолдаған.

«Өзбекстанға қарай өтіп кеткен сияқты. Жалпы бұл алдын ала жоспарланған нәрсе ғой», — дейді ол аудиожазбада.

Фото: Arasha.kz коллажы

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика