Маңғыстаудағы атыс: Күдіктілердің үйінен есірткі мен сойылдар табылды

Маңғыстау облысының Басқұдық ауылында 10 қаңтарға қараған түні қарулы қақтығыс болды. Кемінде үш адам қатысқан төбелес соңында олардың бірі екіншісінің қолына травматтық тапаншадан оқ атқан, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Бақытымызға орай, оқ резеңке болып шықты. Зардап шеккен азаматтың тек саусағы жарақаттанған.

Күдіктілер сол түні-ақ бірден қолға түсті. Полиция олардың үйін тінтіген кезде тыйым салынған есірткіге ұқсас заттарды, сондай-ақ сойылдар мен пышақтарды тапты.

Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал қарызға байланысты туындаған.

«Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы, яғни «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады полиция.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика