«Аса қуанышты күн»: Бибігүл Төлегенова 96 жасында сахнада ән салды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

96 жасқа толған КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенова сахнаға шығып, ән шырқады. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат порталы хабарлайды.

Ғасырға жуық ғұмыр кешкен даңқты өнер иесі өз шәкірті **Толқын Забирова**ның концертінде көпшілік алдына шықты. Әншіні сахнаға Забирова қоларбамен алып шыққан.

Сахнада сөз алған 96 жастағы Бибігүл Ахметқызы шәкіртіне ақ тілегін арнап, жиналған жұртқа алғысын білдірді. Толқыған сәтте көз жасына ерік берген өнер тарланы жүрекжарды лебізін жеткізді.

«Рахмет, халқым! Бәріңе мың да бір рахмет! Барлықтарыңды сүйемін. Бақытты болыңдар. Бүгін мен үшін аса қуанышты күн. Мен сияқты 96 жасқа жеткенше халықтың алдында бақытты болып жүре бер. Толқыным – өте бақытты, ұқыпты, абыройлы жан. Қазір мен ән де айтпаймын, жасым келді. Бірақ қанша жасқа келсем де “қазақтың әнші бұлбұл қызы” деген сөздің өзі мен үшін зор бақыт», – деді ол.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика