Фото: pexels.com
АҚШ пен Венесуэла арасындағы мұнай экспортына қатысты келіссөздер жүріп жатыр. Егер келісімге келсе, бұл Венесуэланың мұнайын АҚШ-тың өңдеу зауыттарына жеткізуге жол ашады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Reuters агенттігінің мәліметінше, бұл келіссөздер АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамптың америкалық компанияларға Венесуэла мұнай саласына толық қол жеткізу талабына жауап ретінде басталған.
«Трамп бұл процестің тезірек іске асқанын қалайды. Ол мұны өзінің үлкен жеңісі ретінде көрсетуді көздеп отыр», — деді мұнай саласындағы дереккөз.
Мұнай тасымалы келісімі жүзеге асса, Венесуэладан Қытайға бағытталған кей партиялар АҚШ нарығына қайта бөлінуі мүмкін.
Қазір Венесуэланың танкерлерінде және қоймаларында миллиондаған баррель мұнайы сақтаулы тұр. Бірақ АҚШ Трамптың бастамасымен өткен жылдың желтоқсанында салған санкциялар салдарынан бұл мұнай экспортқа шығарылмай келеді.
Вашингтон мен Каракас арасындағы бұл келісімдер PDVSA мемлекеттік мұнай компаниясының өндірісті мүлде тоқтатып алмауына көмектесуі мүмкін.
Алайда Ақ үй, Венесуэла үкіметі мен PDVSA бұған қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
