Астана қаласында құқық қорғау органдары әлеуметтік желіде Каспий құбыр консорциумына (КТК) жасалған шабуылды қолдаған азаматтарға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Ресми мәлімет бойынша, тергеу 2025 жылғы 17 желтоқсанда басталған. Полиция бұл істі Қылмыстық кодекстің 174-бабы – «Ұлтаралық араздықты қоздыру» бойынша тіркеген.
Баспрокуратураның мәліметінше, тергеушілер әлеуметтік желілерде Украина дрондарының КТК нысандарына жасаған шабуылын қолдаған жазбалар мен пікірлердің авторларын анықтап жатыр. Сонымен қатар, заңбұзушылықтар бойынша нақты дәлелдер жиналып, құқықтық баға берілмек.
«Ақпарат және әлеуметтік желілерде жалған немесе заңға қайшы мазмұндағы мәліметтер таратуға жол берілмейтінін бұған дейін де айтқанбыз», – деді Бас прокурор Берік Асылов.
Парламент депутаты Айдос Сарым бұған дейін Баспрокурор мен Мәдениет министріне аталған әрекеттерге қатаң құқықтық жауапкершілік қолдануды ұсынып, сауал жолдаған болатын.
Фото: Orda.kz
