Қостанай облысындағы шахтада болған жарылыстан жұмысшы жарақат алды

Қостанай облысының Рудный қаласындағы «Соколовская» шахтасында жарылыс болып, салдарынан машинист жарақат алды. Жарылыс кезінде шахтада жұмыс жүргізіліп жатқан, кеннің үлкен бөлшектері бөгет жасаған еді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Eurasian Resources Group құрамына кіретін «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінің» (ССГПО) мәліметінше, машинист жарылғыш заттарды қолдану барысында бақылаусыз жарылыс орын алып, ауыр жарақаттанған.

«Жарақат алған жұмысшы Рудный қалалық ауруханасына жеткізілді, оған тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», – деп мәлімдеді компания өкілдері.

Оқиғаға байланысты полиция жедел тергеу амалдарын бастады. Еңбекті қорғау ережелерінің бұзылу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап, заң тұрғысынан баға беретін болады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика