Astana Hub 2029 жылға дейін өз-өзін қаржыландыратын деңгейге жетуі тиіс

Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі 2029 жылға қарай мемлекеттік қолдаусыз жұмыс істей алатын деңгейге жетуі керек. Қазіргі таңда технопаркті қаржыландыру көлемі кезең-кезеңімен азайып келеді, деп мәлімдеді Цифрлық даму және жасанды интеллект вице-министрі Ростислав Коняшкин,

Технопарктың алғашқы іргетасы 2018 жылдың қарашасында қаланған болатын. Бүгінде Astana Hub аясында 1875 компания тіркелген, олардың 470-і шетелдік инвесторлармен бірлескен жобалар.

2019 жылдан бері технопарк резиденттерінің жиынтық кірісі 4,3 миллиард АҚШ долларына жетсе, осы кезең ішінде олар 840 миллион доллар инвестиция тартты.

Коняшкиннің айтуынша, Astana Hub өз кірісі есебінен толықтай дербес жұмыс істеу мақсатында экожүйені дамытып, жаңа стартаптарға басымдық беруге ниетті.

«Мемлекеттік бюджетке деген тәуелділікті азайтып, кәсіпкерлік бастамаларға көбірек еркіндік беру – басты мақсатымыз», – деді вице-министр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика