Әкімдік салғырттығы ма? Қарағандыда ашық құдыққа көлік құлап кетті

Фото: Видеодан алынған кадр

Қарағандыда адам өміріне зор қауіп төнген оқиға тіркелді. Қаланың Юго-Восток, Степной шағынауданында таңғы сағат 7:30 шамасында жүргізуші қардың астында қалып қойған ашық құдықты аңғармай, көлігімен соған құлап кеткен, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Оқиға кезінде автокөлікте кішкентай баласы бар әйел отырған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ, алайда көлікке едәуір материалдық шығын келтірілген. Куәгерлердің сөзінше, жолдың бетін қалың қар басып жатқандықтан, қауіпті шұңқыр мүлде байқалмаған.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазба тұрғындардың наразылығын күшейтті. Қала халқы коммуналдық қызметтердің салғырттығын сынға алып, ашық құдықтардың дер кезінде жабылмауы адамдардың өмірін күн сайын қатерге тігіп отырғанын айтуда.

Тұрғындар жауапты органдардан нақты шаралар қабылдауды, сондай-ақ кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика