Павлодарда колония басшысы құпия ақпарат таратқаны үшін 6,5 жылға сотталды

Фото: pexels.com

Павлодарда қылмыстық-атқару жүйесінің бұрынғы қызметкері — №45 түзеу мекемесінің басшысы алты жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Соттың мәліметінше, ол қызметтік өкілетін асыра пайдаланып, пара алып, мемлекеттің құпия деректерін сыртқа шығарған.

Бұл туралы Qazaqtoday ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тергеу мәліметтері бойынша, ол лауазымын пайдаланып, кейбір сотталғандарға ерекше жағдай жасау үшін пара алған. Сонымен қатар, қолында болған мемлекеттік маңыздағы құпия деректерді өздігінен жария етіп, заң бұзған.

Нәтижесінде ол бірден екі бап бойынша — «қызмет бабын асыра пайдалану» және «мемлекеттік құпияны жария ету» — айыпты деп танылды.

Экс-подполковник қандай жазамен келісті?

Сот оның подполковник арнайы шенін қайтарып алып, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салды. Бұл – тек қылмыстық жауапкершілік емес, болашақ мансабына нүкте қойған үкім.

Айта кетейік, бұған дейін де қыркүйек айында Қорғаныс министрлігінің полковнигіне дәл осы «мемлекеттік құпияны жария ету» бабы бойынша іс қозғалған болатын.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика