«Жап-жас, сұлу енелер»: Жазира Байырбекова мен Динара Майғазиева елді сүйсіндірді (ФОТО)

Фото: zhazira_bairbekova парақшасынан

Әнші Жазира Байырбекова Сәкен Майғазиевтің жары Динара Майғазиевамен бірге түскен ерекше фотосуреттерін әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

Келініне арнап бейнебаян түсірген өнер иесі Динарамен ара-қатынастарының өте жақын екенін атап өтті.

“Динара құрбым болса да, мына фотоға қарасаң кәдімгі ауылдағы абысындардың бірлігі мен жарасымын еске салады-ау шамасы. Құрбылық пен абысындықтың шекарасы білінбейтін, жылуы бөлек, сыйластығы ерекше сәт”, – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары да бұл кадрларды жылы қабылдап, пікірлерін қарша боратты. Кейбірі тіпті Динараның аяғы ауыр болуы мүмкін деген болжам айтқан.

“Динара ханым жүкті ме”, “Сұлулық”, “Жап-жас енелер”, “Кішкене шынайылық жетіспей тұр”, – деп жазды олар.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Жазира Байрбек (@zhazira_bairbekova)

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика