Қыстағы қауіп: Угар газынан отбасын қалай қорғауға болады?

Фото: pexels.com

Қазақстанда жыл сайын жүздеген адам угар газынан улану дерегімен тіркеледі. Бұл оқиғалар әсіресе жылыту маусымы мен мерекелік күндері жиілейді, дейді Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының өкілі Илона Бекоева.

Себебі дәл осы кезеңде тұрғындар жылыту құрылғыларын жиі пайдаланғанымен, желдету және техникалық қауіпсіздік талаптарын елемей жатады.

Бұл туралы Qazaqtoday ақпарат агенттігі хабарлайды.

Угар газының қаупі неде?

Угар газы — түссіз әрі иіссіз, көзге көрінбейтін зат. Ол отын толық жанбағанда түзіледі және көбіне газ плиталары, колонкалар, пештер мен автомобиль қозғалтқыштарынан бөлінеді.

Илона Бекоеваның айтуынша, угар газының ең басты қаупі — оның байқалмай әсер етуінде. Адам ағзасы оны сезбей, кенеттен жағдайы нашарлап кетеді.

Газ оттегінің тіндерге тасымалдануына кедергі келтіреді. Соның салдарынан жүрек пен ми бірінші болып зардап шегеді, ал бұл өте тез ауыр жағдайға соқтырады.

Угар газымен уланғаныңызды қалай аңғаруға болады?

Тіпті газдың төмен концентрациясында да мынадай белгілер пайда болады:

  • бас ауыруы, әлсіздік, жүрек айнуы;
  • зейіннің төмендеуі, ұйқышылдық;
  • дене қызаруы, тыныстың жиілеуі;
  • үйлесімнің бұзылуы, сана шатасуы.

Егер улану ұзаққа созылса немесе газ шоғырлануы жоғары болса, адам есінен танып, комаға түсіп немесе өмірден өтуі мүмкін.

Қауіп көздері және алдын алу жолдары

Ең жиі кездесетін қауіпті көздерге газ плиталары, пештер, камины бар үйлер мен дұрыс істемейтін түтін жолдары жатады. Жабық гаражда жұмыс істеп тұрған көліктер де қауіп төндіреді.

Мамандар төмендегі қарапайым әдеттерді ұстануға кеңес береді:

  • Газбен жабдықталған бөлмелерді үнемі желдетіп отырыңыз.
  • Құрылғылардың техникалық жағдайына бақылау жасаңыз, жоспарлы тексерістерден өткізіңіз.
  • Түтінжол мен вентиляцияны бітеліп қалмауын қадағалаңыз.
  • Газ плитасын жылу көзі ретінде қолданбаңыз.
  • CO газына арналған дабылқаққыш құрылғыларын орнатыңыз.

Егер угар газынан улануға күмәндәнсеңіз, мына әрекеттерді дереу жасаңыз:

  • терезе-есіктерді ашып, таза ауа кіргізіңіз;
  • барлық адамды үйден шығарыңыз;
  • зардап шегушіге тыныштық пен ауа жеткізіңіз;
  • 112 нөміріне хабарласып, кезекші қызметті шақырыңыз.

Қыс мезгілі мен мереке күндерінде угар газынан сақ болу — әр отбасы мүшесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты шарты.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика