«Барыс» хоккей клубы сенсация жасады

Фото: «Барыс» ХК

Астананың Барыс хоккей клубы маусымдағы соңғы ойынында қонақта Омбының Авангард командасын ойсырата ұтып, күтпеген нәтиже көрсетті. Бұл жөнінде Qazaqtoday.info ақпарат порталы мәлімдеді.

Шығыс конференциясында турнир кестесінің оныншы сатысында тұрған «Барыс» бұл кездесуге аутсайдер ретінде шыққан. Ал екінші орында тұрған «Авангард» матчтың айқын фавориті саналған еді. Соған қарамастан, елордалық ұжым алаң иелерін сенімді түрде жеңді. Ойынның алғашқы кезеңінде Всеволод Логвин мергендік танытып, есеп ашты. Екінші кезеңде Әлихан Әсетов басымдықты арттырды. Омбылықтар бір шайбамен жауап бергенімен, Кирилл Панюков тағы да «Барыстың» артықшылығын күшейтті. Қорытынды кезеңде астаналықтар тағы бір гол соғып, матчты 4:2 есебімен аяқтады.

Айта кету керек, бұл кездесу Құрлықтық хоккей лигасы аясында өтті. Ал келесі ойында «Барыс» 6 қаңтар күні сырт алаңда Нижний Новгородтың Торпедо командасымен шеберлік байқасады.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика