Фото: видеодан скрин
Танымал әнші Айгүл Иманбаева жеке өміріне қатысты сырын алғаш рет Salem America жобасында ашық бөлісті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Сұхбат барысында өнер иесі жұбайының кім екеніне, мінез-құлқы мен өмір салтына тоқталды. Айтуынша, жолдасы – ІТ саласында еңбек ететін маман. Әнші бұл бағыттың өзіне аса жақын еместігін де жасырмады.
«Мен үнемі адамдардың арасында жүретін, көпшілікке ашық шығармашылық жанмын. Ал жолдасым керісінше — тұйықтау, өз ішкі әлемімен өмір сүреді. Кейде оның ой-пікірін толық түсіну оңай емес», – деді ол.
Сонымен қатар Айгүл Иманбаева жұбайымен таныстығы Нью-Йорк қаласында басталғанын атап өтті. Оның айтуынша, жолдасы ұзақ уақыттан бері АҚШ-та тұрады, ал өзі бұл елге жиі барып жүрген. Әншінің бұл шынайы әңгімесі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды.
