Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 3 қазан 2026 $ 442,4↑€ 497,8↓₽ 5,31↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    ҚазҰУ Қытай серіктестерімен жасанды интеллект және энергетика саласында үш келісімге қол қойды • Мерей Қабдуллаев Азия ойындарының финалына шықты • Дархан Мұсаев әншілікке қатысты ойын айтты • Астанада демалыс күндері жаңбыр жауып, ауа райы суытады • Дәрігерлер тұмаудың қандай белгілерінде жедел көмекке жүгіну керектігін айтты • Талғарда әкесінің қабіріне барған жігітті пышақтап өлтіргендер сотқа тартылды • ҚазҰУ Қытай серіктестерімен жасанды интеллект және энергетика саласында үш келісімге қол қойды • Мерей Қабдуллаев Азия ойындарының финалына шықты • Дархан Мұсаев әншілікке қатысты ойын айтты • Астанада демалыс күндері жаңбыр жауып, ауа райы суытады • Дәрігерлер тұмаудың қандай белгілерінде жедел көмекке жүгіну керектігін айтты • Талғарда әкесінің қабіріне барған жігітті пышақтап өлтіргендер сотқа тартылды •

    «Оны түсіну мүмкін емес»: Айгүл Иманбаева жолдасын сөз етті

    «Оны түсіну мүмкін емес»: Айгүл Иманбаева жолдасын сөз етті

    Фото: видеодан скрин

    Танымал әнші Айгүл Иманбаева жеке өміріне қатысты сырын алғаш рет Salem America жобасында ашық бөлісті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Сұхбат барысында өнер иесі жұбайының кім екеніне, мінез-құлқы мен өмір салтына тоқталды. Айтуынша, жолдасы – ІТ саласында еңбек ететін маман. Әнші бұл бағыттың өзіне аса жақын еместігін де жасырмады.

    «Мен үнемі адамдардың арасында жүретін, көпшілікке ашық шығармашылық жанмын. Ал жолдасым керісінше — тұйықтау, өз ішкі әлемімен өмір сүреді. Кейде оның ой-пікірін толық түсіну оңай емес», – деді ол.

    Сонымен қатар Айгүл Иманбаева жұбайымен таныстығы Нью-Йорк қаласында басталғанын атап өтті. Оның айтуынша, жолдасы ұзақ уақыттан бері АҚШ-та тұрады, ал өзі бұл елге жиі барып жүрген. Әншінің бұл шынайы әңгімесі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →