Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды

    Дүниежүзілік бокс ұйымы Жәнібек Әлімханұлының мәртебесін әзірге сақтап қалды 

    Дүниежүзілік бокс ұйымы Жәнібек Әлімханұлының мәртебесін әзірге сақтап қалды 
    Фото: Sports.kz
    Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) допинг дауына қарамастан қазақстандық орта салмақтағы чемпион Жәнібек Әлімханұлының мәртебесін әзірге сақтап қалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    WBO жаңартқан рейтингте Әлімханұлы әлі де өз салмағында әлем чемпионы ретінде көрсетілген. Ал басты үміткерлер үштігіне британдық Дензел Бентли, венесуэлалық Эндри Сааведра және кубалық Йоэнлис Эрнандес енген.

    Еске салайық, желтоқсан айының басында, 7 желтоқсанға жоспарланған Жәнібек Әлімханұлы мен WBA чемпионы Эрисланди Лара арасындағы біріктіруші жекпе-жекке санаулы күн қалғанда, қазақстандық боксшының допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний препараты анықталған еді. Соның салдарынан жекпе-жек кейінге шегеріліп, WBO бұл жағдайға байланысты ішкі тергеу бастаған.

    Допинг сынамасының «B» үлгісін ашу 8 қаңтарға жоспарланған. Егер екінші сынама да оң нәтиже көрсетсе, Жәнібек Әлімханұлы дисквалификацияға ұшырап, чемпиондық белбеулерінен айырылуы мүмкін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →